Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын мақұлдады. Олжас Бектенов шығындарды қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен үкімет отырысы барысында 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды.

"Республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру барысында жаңа Бюджет және Салық кодекстері ескерілген.

Барлық мемлекеттік органдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың белгіленген параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын.

Бюджет қаражатын барынша тиімді және уақтылы пайдалану, сондай-ақ шығындарды қатаң бақылауда ұстау маңызды", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне Үкімет аппаратымен бірлесе отырып заң жобаларын парламентке 1 қыркүйекке дейін енгізу тапсырылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз