«Қайрат» тағы да тарихи нәтиже тіркеуге тырысады.

Бүгін УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында «Қайрат» және «Селтик» клубтары кездеседі. Қарымта матч Алматыдағы орталық стадионда болады. Бұған дейін қос команда Шотландияның Глазго қаласында жолықты және матч 0:0 есебмімен аяқталды. Енді Алматыда өтетін ойында Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтетін команда анықталады. Өкінішке орай, дәл осы ойынға сары қағаз алған шабуылшы Дастан Сәтпаев және жарақат алған қақпашы Александр Заруцкий қатыспайды. Бұған қоса «Қайрат» қорғаушылары Луиш Мата мен Георгий Зариа да жасыл алаңға шықпайтыны белгілі болды. Десе де, бұл жағдай басқа футболшыларға өз-өзін көрсететін, өз мықтылығын дәлелдейтін жақсы мүмкіндік дейді бас бапкер Рафаэль Уразбахтин. Қазір қос команда Алматы қаласында матч алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген кездесу 21:45-те басталады.

ЦИТАТА: Рафаэль Уразбахтин, "Қайрат" клубының бас бапкері

"Селтик" алғашқы ойында бізді аса бағаламады. Ал қарымта матчта енді барын салады. Сондықтан тыңғылықты дайындалдық. Иә, кей жігіттер жасыл алаңға шыға алмайды. Бірақ оларды алмастыратын футболшыларымыз бар және олар осы мүмкіндікті ұтымды пайдалануы қажет. Бүгін стадион жанкүйерлерге лық тола болатынын білеміз. Ол да өте маңызды. Қалың көрерменнің қолдауы команданы рухтандырып, жеңіске жетелейді.

Айта кетейік, «Қайраттың» осы деңгейге жетуінің өзі тарихи жетістік саналады. Өйткені, алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-оффында өнер көрсетуіге мүмкіндік алды. Тағы бір айта кетерлігі осы жетістігі үшін алматылық клуб УЕФА тарапынан 4 млн 290 мың еуро көлемінде сыйақы алды. Ұлттық валютаға шаққанда 2 млрд 690 млн теңгені құрайды. Бүгінгі кездесуден кейін бұл көрсеткіш одан сайын артатындығы анық.

Футзалдан Қазақстан — Италия матчына дайындық

Эдсон ұлттық құрамаға оралды. Футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан-Италия матчы алдында осындай жағымды жаңалық шықты. Оны Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман жеткізді. Бұған дейін азаматтығын ауыстырып, көк паспортты алған ойыншы біраз кедергіге тап болып жүр еді. Енді аталған мәселелер толық шешілді және Эдсон ұлттық құрама сапында өнер көрсететін болды. Қазақстан мен Италия құрамалары алдымен Кәрі Құрлықта кездеседі. Алғашқы матч 15 қыркүйек болады. Одан кейін қос команда Қазақстанда жолығады. Жеңіске жеткені 2026 жылғы Еуропа чемпионвтына жолдама алады. Бұл мачтқа дайындық басталып кетті. Қазір Қазақстан Суперкубогы және Қазақстан Кубогі аясында жігіттер шеберлік шыңдап жатыр. Ал бас бапкер Рикардо Кака ойыншалрдың шама-шарқын бағамдап жүр. Бірер күннен кейін ұлттық құрама өкілдері Астанаға жиналып, жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін Италияға матчқа дейін бірер күн ерте жетіп, климатқа және уқаытқа бойды үйретеді.

Азия чемпионаты: қоржынымызда 35 медаль

Қоржымыздағы медальдар саны 35-ке жетті. Шымкент қаласында спорттық ату түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық қыз-жігіттер бүгінге дейін 35 медаль жеңіп алды. Оның 10-ы алтын. Әсіресе соңғы жарыс күндері Ислам Сәтпаев, Артём Сидельников, Артём Рывков, Рамазан Құсайынов, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова сияқиы спортшыларымыз жекелей сындарда топ жарды. Жалпы он алтынның 6-ауын жеке сында, қалған 4-еуін командалық сында жеңіп алдық. Бұған қоса, 10 күміс және 15 қола жүлдеміз бар. Соның арқасында жалпы есепте үшінші орында тұрмыз. Топ басында 29 алтын жеңіп алған Үндістан құрамасы. Одан кейін 14 алтын жеңіп алған Қытай құрамасы келеді. Айта кету керек, биылғы Азия чемпионатына 27 елден 800-ге жуық қатысушы жиналды. Олар екі негізгі бағыт бойынша, яғни,стенд ату және оқпен ату бәсекелері бойынша өзара мықтыны анықтап жатыр. Шымкент қаласындағы құрлықтық дода 30-тамызға дейін жалғасады.

Мәлика Жалилова, Қазақстан спорттық ату федерациясы баспасөз қызметінің басшысы:

- Бұл жарыс өте маңызды. Үлкен жарыс болып есептеледі. Өйткені бұл жарысты көруге Азия федерациясының президенті Шейх-Сальван Аль Сабақ және Халықаралық ату федерациясының президенті Лучано Росси келіп, біздің дайындығымыз қалай өтіп жатқанын көріп, өте жақсы пікірлер айтып кетті. Өйткені Азия чемпионаты өте ірі және өте маңызды жарыс болып есептеледі.