UFC-дің ресейлік аңызы Хабиб Нурмагомедов жартылай орта салмақта досы әрі жерлесі Ислам Махачевке кімдер лайықты қарсылас болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
15 қараша күні Ислам Махачев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін UFC 322 турнирінде осы дивизиондағы чемпиондық белбеу үшін австралиялық Джек Делла Маддаленамен жекпе-жекке шығады.
«77 келіде Шавкат Рахмонов – қауіптенетін қарсылас. Шавкат пен Белал Мухаммадты бөле-жара айтар едім. Ал Иэн Гэрриді аса қаһарлы қарсылас деп есептемеймін. Белалмен жекпе-жекке мен қарсы болдым. Шавкат жекпе-жектері арқылы 77 келідегі нағыз қауіп екенін дәлелдеді. Шон Брэди? Жоқ. Оның стилі тым қолайлы. Ислам оны соққыда да, күресте де алып қояды. Сондықтан басты қарсыластар – Шавкат, Белал және Маддалена», – деді Хабиб Камил Гаджиевке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ислам Махачев ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, соның 27-сінде жеңіске жеткен. Ал Джек Делла Маддалена 20 айқастың 18-інде үздік шыққан.