Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Жезқазған – Астана пойызымен болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жезқазған - Астана пойызымен болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлытау облысындағы теміржолда болған оқыс жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды , деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

— Көліктегі полиция департаменті Жезқазған — Астана бағытындағы жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуына байланысты “Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қаза тапқандар жоқ, — деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 24 тамыз күні Қызылжар — Түйемойнақ аралығында №107 жолаушылар пойызы жолда тұрған жүк вагонына байланысты шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алған.