Алматыда 1986 жылы пайдалануға берілген құбыр желісінің жөнделуіне байланысты Пушкин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметінше, 26 тамызда сағат 09:00-ден 30 тамызда сағат 19:00-ге дейін Алматыда Пушкин көшесінде Райымбек даңғылынан Токмакская көшесіне дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы шектеледі.
"Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу маусымына дайындау шеңберінде 1986 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз". "Алматы жылу желілері" ЖШС
Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-каналында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.