Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі мен келіні журналист Ләйлә Сұлтанқызына алғаш рет ашық сұхбар берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сұхбат барысында Динара Майғазиева ұлы мен келініне еншісін беру жайлы сұраққа жауап берді.
"Бұл жайлы әкесі екеуміз талай рет сөйлескенбіз. Ойланудың қажеті де жоқ. Балалар оқимыз, дамимыз десе, Америкаға да жіберуге дайынбыз. Өз еріктеріне қалдырдық. Сәкен екеуміз де жаспыз, балаларымыз кішкентай. Бөлек шығамыз десе өз қалаулары. Бірақ,түптің түбіне келгенде бізбен бірге тұрады. Қартайғанда бізді қарайды", — деді ол.
Ал 2 ай бұрын ғана келін болып түскен Әдия бөлек тұрғысы келмейтінін айтты.
"Менің әу бастан-ақ ниетім осындай болған. Ата-енеммен бірге тұрғым келеді деп айтатынмын. Біздің үйде адам аз болғандықтан, үй тып-тыныш болады. Ол маған ұнамайтын. Әпкем, мен және інім үшеуміз ғана. Маған көп адам болып бір дастархан басында тамақ ішкен, шай ішкен ұнайды. Сондықтан ешқайда кеткім келмейді", — деді Әдия.