2025 жылғы 26 тамыз – санитарлық күн деп белгіленді.

Алматыдағы бас ботаникалық бақ жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, айдың бірінші дүйсенбі күні – 1 қыркүйек демалыс болғандықтан, санитарлық күн 26 тамызға ауыстырылды.

"Сейсенбі, 26 тамызда Ботаникалық бақ келушілер үшін жабық болады. Ал басқа күндері жұмыс кестесі өзгермейді. Ботаникалық бақ күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы Ботаникалық бақ дауылға байланысты жабылады