Ұлттық банктің ресми бағамы – 537,43 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,37 теңгеге арзандап, 535,99 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 537,43 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 535,67 теңгеден сатып алынады, 537,66 теңгеден сатылады. Еуро 625,15 – 629,24 теңге, ал рубль 6,56 – 6,67 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,47 теңгеден сатып алынады, 76,11 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 532,52 теңгеден сатып алынады, 539,49 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 620,36 теңге, сату – 630,36 теңге;

– рубль: сатып алу – 6,56 теңге, сату – 6,67 теңге.

– юань: сатып алу – 73,46 теңге, сату – 76,72 теңге.