Қаржы министрінің "Жанама әдіспен салық салу объектілерін немесе салық салуға байланысты объектілерді айқындау қағидалары туралы" бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаның мақсаты:
- салықтық тәуекелдерді уақтылы анықтау;
- салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру;
- есеп жүргізу тәртібі бұзылғанда, есептік құжаттама жоғалғанда немесе жойылғанда, жеке тұлғаның табысын анықтауда, сондай-ақ жанама әдіспен (активтер, мүлік, міндеттемелер, айналым, табыс, шығындар, жұмсалатын қаражат) салық салу объектілерін немесе оларға байланысты объектілерді айқындау кезінде бақылауды күшейту.
Қаржы министрлігінің пікірінше, аталған шаралар қашықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде бюджетке түсімдердің көлемін арттырады және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтады.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 9 қыркүйекке дейін жария талқылауға шығарылды.