Шымкентте Тұран шағын ауданындағы " Марокко " кафесінің маңында жаппай төбелес болды.

Қалалық полиция бұл жанжалға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

16 тамызда болған төбелестің бейнежазбай әлеуметтік желіде енді тарап жатыр.

"Оқиға қатысушыларының барлығы анықталып, ұсталды. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады қалалық ПД.