Алматыда су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жалғасуда.

Қала тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылғы 26 тамыз, сейсенбі күні уақытша суық су өшірілетіні ескертілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ШЖҚ "Алматы Су" МКК мәліметіне сүйенсек, 26 тамызда сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарының бөлігіндегікөшелер контурында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:

  • Абай даңғылы-Саин көшесі-Шаляпин көшесі-Әшімов көшесі;
  • Шаляпин көшесі-Саин көшесі-Жандосов көшесі-Яссауи көшесі;
  • Жандосов көшесі-Үлкен Алматы өзені-әл Фараби даңғылы-Саин көшесі;
  • Жандосов көшесі-Саин көшесі-Асқаров көшесі-Қарғалы өзені.
  • Дулати көшесі, Хан Тәңірі шағын ауданы.

Сондай-ақ, мамандар жұмыстарды орындау кезеңінде шектеулер енгізілетін Алтынсарин даңғылы-Шаляпин көшесі-Саин көшесі-Абай даңғылы аймақтарында қысымның төмендеуі күтілуде екенін ескертті.