Энергетика министрі 2025 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен шартты тұтынушылар тізімін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында мынадай ұғым белгіленген:
- Шартты тұтынушы – заңды тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, өнеркәсіптік кешен және "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" заңға сәйкес айқындалатын білікті тұтынушы.
Энергетика министрлігі шартты тұтынушылар тізіміне 32 ұйымды қосты:
Олардың ішінде 9 – тікелей тұтынушылар:
- "Еуразиялық энергетикалық корпорация" АҚ
- "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ
- "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ
- "Altyntau Kokshetau" АҚ
- "Қашары руда" АҚ
- "ERG Service" ЖШС
- "Шұбаркөл көмір" АҚ
- "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ
- "KPI Inc" ЖШС
23 – өнеркәсіптік кешендер:
- "Qarmet" АҚ
- "Қазақстан алюминийі" АҚ
- "Жаикмунай" ЖШС
- "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС
- "Қазмырыш" ЖШС
- "3-Энергоорталық" АҚ
- "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ
- "ҚазАзот" АҚ
- "Теңізшевройл" ЖШС
- "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС
- "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" ШЖҚ МКК, Қостанай қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ
- "Арқалық жылуэнергетикалық компаниясы" ШЖҚ МКК, Арқалық қаласы әкімдігі, Қостанай облысы
- "Қазхром трансұлттық компаниясы" АҚ
- "Фирма Ада Ойл" ЖШС
- "ҚАЗАХТҮРКМҰНАЙ" ЖШС, ОҚСО "Оңтүстік Қаратөбе"
- "Восход-Oriel" ЖШС (МКК "Восход")
- ГТЭС "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." (Karachaganak Petroleum Operating B.V.)
- ЭС "Қашаған" NCOC N.V.
- ГТЭС "Қаламқас" "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
- "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ
- "Торғай-Петролеум" АҚ
- "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС
- "Green Capital Kazakhstan" ЖШС
Бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.