Әлеуметтік желіде бір бейнежазба қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Онда ер адам әйеліне талақ айтып, ажырасатынын мәлімдеген. Сонымен бірге ол некеде берген сыйлықтары мен махрын қайтаруды талап еткен.
Бұл оқиға көпшіліктің назарын аударып, пікірталасқа себеп болды. Кейбір желі қолданушылары:
«Махр – әйелдің құқығы, оны ешкім қайтарып ала алмайды» деп жазса, енді біреулері: «Берілген сыйлық ойыншық емес, ер адамның талабы орынды» деген ойларын білдірген.
Талақ мәселесіне байланысты пікір білдіргендер арасында:
«Талақ – ойнап айта салатын сөз емес, үш рет айтылса, орны толмайды» дегендер бар.
«Махр қайтарылмайды, ол әйелге тиесілі» деп кесіп айтқандар да кездесті.
«Қазір көп ер адамдар жеке өмірін әлеуметтік желіде талқылап, дауды көпшілікке шығарып жүр» деп сынағандар болды