Ақтауда балалар ойын-сауық орталығында болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, балаларға арналған алаңқайда 3 жасар бүлдіршіннің үстіне аттракционның бөлшегі құлап кеткен. Абырой болғанда, баланың денсаулығына қатты зақым келмеген. Дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, бүлдіршін ата-анасымен бірге үйіне жөнелтілді. Қазір ойын-сауық орталығына қатысты тергеу жұмыстары басталды. Қосымша тексеріс жүргізіп, тиісті шараларды жүзеге асыру мақсатында материалдардың барлығы Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасына да жолданды.