Аймақта 15 600-ден астам тұрғын, соның ішінде 3 800 бала, мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебреисус X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол ауыр хәлдегі науқастарды эвакуациялауға қолдау көрсеткен Біріккен Араб Әмірліктеріне алғыс айтты.
– Мыңдаған науқас әлі де көмекке зәру. Біз эвакуация ауқымын кеңейтіп, өмірлік маңызды медициналық қызметке қолжетімділікті арттыруды талап етеміз, – деді Тедрос Гебреисус.
Сонымен қатар, ДДСҰ басшысы Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды.