Экс-депутат, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаевтан ұл тапқан Ынташ Наурызова қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің танымал болғанын айтып, видеода ойнап жүрген ұлын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz агенттігі.
Сонымен қатар ол өзін заң еңіреткен әкімнен алимент өндіруге кіріскенін айтты.
«Бүгін сот орындаушы уақыт шектеулі счёт қашан жібересіз деп ренішін білдіргесін, қой не отырыс алиментті тездетіп алып ақшаның астында қалайын деп банкке бардым. Жалпы балам екеуіміз қайда жүрсекте назардан тыс қалмаймыз шүкір. Кезегіміз келіп счёт аштырып отырғанымда банктың бір қызметкері жымыйып біз жаққа келіп сіздерді танимынғой, тик-токтан көремін деп ұлыма жақсы ниетін білдірді», - деді Маңыстау облысы әкімінің абыройын айрандай төккен экс-депутат.
Ол бүгінде басындағы проблеманы айту арқылы танымал болып кеткенін де жасырмады. Соңғы кездері еңсесі түсіп кеткенін де жасырмады.
«Көбісі танып отыр екен. Жасыратыны жоқ еңсем аздап басылып жүргесінба абдырап қалдым. Бірақ іштей риза болып қуанып отырдым. Содан дүкенге соғып үйге келдік. Жолдада бірнеше адам тик токтағы қыз емессіз ба?! Сізді қолдап лайк басамыз деген еді. Менің түрімде дым эмоция жоқ. Көкбет екен деп ойлап қалған болар
Бүгін жерлестерімнің жылы лебізін көріп, естіп болашағымыз үшін қатты алаңдаудың қажеті жоғын түсіндім. Осындай мейірімді жандар барда ұлым екеуімізді жарқын өмір күтіп тұр деп сенемін. Барлығы Алланың арқасы. Аллаға сансыз шүкір!», - деп жазды ол.