24 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ, қатты жел мен шаңды дауыл болады. Сонымен қатар өрт қаупі жоғары, кей жерлерде төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 24 тамызда найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады кей уақыттарда екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 24 тамызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 24 тамызда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шағысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 24 тамызда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзайғай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 24 тамызда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 24 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 24 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 24 тамызда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. г. Павлодар: 24 тамызда күндіз найзғай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні15-20 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 24 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 24 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.