Қазақстандық файтердің UFC-де жолы болмай келеді.

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Шанхайда (Қытай) өткен UFC Fight Night 257 турнирінде октагонға шықты. Ол қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен (8-1) күш сынасты. Кездесу бірінші раундта-ақ аяқталды. Сатыбалдиев тұншықтыру әдісін қолданып, жеңісті жұлып әкетті. Бұл қырғыз спортшысы үшін кәсіби мансабындағы тоғызыншы, ал UFC-дегі алғашқы жеңіс болды (рекорды 1-1). Ал Нұрғожай екінші рет тізе бүгіп, ұйымдағы көрсеткішін 0-2-ге түсірді.

Турнирде этникалық қазақ Қайсар Махсат (10-4) та өнер көрсетеді. Ол америкалық Гейдж Янгпен (9-3) кездеседі.

Сонымен қатар Қытайдан шыққан тағы бір этникалық қазақ Тайлақ Нұражы (11-1-0-1) промоушенде дебют жасайды. Ол жартылай орта салмақта қытайлық Кенан Сонгтың (22-9) орнына шығады. Тайлақтың қарсыласы ирландиялық Кифер Кросби (10-5).