Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.