1983 жылы аустралиялық фермер Клифф Янг 61 жасында алғаш рет 875 шақырымдық ультрамара­­фон­ға қатысып, кәсіби спортшы­­­ларды шаң қаптырды.

Ол осы қашықтықты 5 күн, 15 сағат, 4 минутта жүгіріп өтті. Жарысты баяу бастап артта қалып қойғанымен, Клифф тәулігіне алты сағаттық ұйқы үзілісін жасамай қарсыластарынан озып отырған. Осы тәсіл арқылы ол мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Өзінің айтуынша, Клифф кейде отар қойды бағып жүріп, бірнеше күн қатарынан көз ілмейді екен. Ал бұл тәжірибе марафонда айтарлықтай көмегін тигізіп, оның атын әлемге танытты.