Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақстан спортшысы байдарка және каное есуден әлем чемпионатының финалына шықты

Байдарка және каное есуден Қазақстан құрамасының өкілі Сергей Емельянов Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы каное-жалғыз бағдарламасында 200 метр қашықтыққа ескек есуден жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.

Осының арқасында ол А финалына шықты. Шешуші жарыс 22 тамызда өтеді.

Бұған дейін қазақстандық мергендер Азия чемпионатында күміс жүлде еншілегенін жазғанбыз.