2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,9 трлн теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 16,1% артты.
Ең жоғары өсім тіркелген өңірлер: Ақтөбе облысы (+52,7%), Ақмола облысы (+44,7%), Астана (+42,1%), Түркістан облысы (+33,8%), деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.
Ал мұнай-газ өңірлерінде төмендеу байқалды – Атырау (-30,1%) және Абай облысы (-7,2%).
Өзге салалар бойынша:
- Өнеркәсіп – 37,5% (3,7 трлн теңге);
- Жылжымайтын мүлік – 19,6% (1,94 трлн теңге);
- Көлік және логистика – 17,5% (1,74 трлн теңге);
- Білім беру – 7,4% (731 млрд теңге).
Инвестицияның басым бөлігі құрылыс-монтаж жұмыстарына (67,7%) және жабдық пен көлік сатып алуға (27,8%) бағытталды.
Қаржыландыру көздері бойынша:
- Компаниялардың өз қаражаты – 64% (6,35 трлн теңге);
- Мемлекеттік бюджет – 22,4% (2,22 трлн теңге), өсім шамамен 48%;
- Банк несиесі – 3,5%;
- Өзге қарыз қаражаттары – 10,1%.
Астана мен Алматы барлық инвестицияның 22%-дан астамын тартып отыр. Бұл құрылыс пен жылжымайтын мүлікке сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
2025 жылдың қорытындысында жалпы инвестиция көлемі 17 трлн теңгеден асады деп күтілуде.
Басымдық өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік пен көлік саласында қала бермек, ал өңірлер арасындағы теңсіздік сақталады.
Қазақстан экономикасы құрылыс, білім беру және логистика есебінен жанданып келеді, алайда мұнай-газы бар өңірлер өз позицияларын жоғалтып жатыр.