ҚР Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2025 жылғы 22 тамызда медиа кеңістікте жалған ақпараттың қалай жасалып, таралатынына талдау жасалған жаңа аналитикалық шығарылымын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОКҚ мәліметіне сүйенсек, шығарылымда келесі мәселелер қарастырылады:

  • анонимді арналар мен "пікір көшбасшылары" арқылы алғашқы фейктердің қоғамдық консенсус елесін қалыптастырып, кең аудиторияға қалай жететіні;
  • боттар мен тролльдердің рөлі;
  • неге кейде теріске шығару мифті күшейтіп жіберетіні.

Мысал ретінде соңғы жылдардағы резонанстық мифтердің бірі – "жерді шетелдіктерге беру" туралы жалған ақпараттың таралуына талдау жасалған.

Шығарылымның мақсаты – қоғамға бағытталған манипуляциялардың нақты тетіктерін көрсету және ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу.

Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми ресурстарынан көруге болады.