Өзбек дзюдосы тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы, Өзбекстанның танымал дзюдошысы, Диера Келдиерова тұңғышын дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты оның жары хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Үйлену тойымыз болған күні нәрестелі болдық. Мен сені сүйемін ханшайымым", — деп жазды дзюдошының жұбайы Азамат Матякубов Instagram-дағы Stories бөлімінде.
Repost.uz сайтының жазуынша, спортшылардың отбасында қыз бала дүниеге келген.
Айта кетейік, Диера Келдиерованың жары Азамат Матякубов та өз елінде танымал дзюдошы. Олар 2022 жылғы тамыз айында шаңырақ көтерген.
Бұған дейін Диера Келдиерованың Париж Олимпиадасындағы тарихи жеңісі мен басқа да жетістіктері және өмірі туралы қызықты деректерді жазған едік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от EVELINA EVA USMANOVA (@evelinphotography)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Diyora Keldiyorova (@diyora_keldiyorova)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Diyora Keldiyorova (@diyora_keldiyorova)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз