30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. NUR.KZ мерекеге байланысты қазақстандықтардың қанша күн демалатынын білді.
"Электрондық үкімет" порталындағы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесінде берілген ақпаратқа сәйкес, 30 тамызда аталып өтетін Конституция күні сенбіге түсіп тұр.
"Егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылады", — делінген сайтта.
Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) демалыс алады.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады.
Бұған дейін Қазақстанда Жаңа жыл, Наурыз, Республика күні және Тәуелсіздік күнін қосқанда 13 мемлекеттік мереке бар екенін жазған едік. 2025 жылғы мерекелердің біразы демалыс күндеріне сәйкес келеді, бұл қазақстандықтарға осы жылы қосымша демалыс күнін алуға мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз