Жетісу облысында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жүргізуші зардап шекпеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы Polisia.kz арнасына сілтеме жасап.
Полицейлер Жетісу облысында аударылған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмекке келді.
Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер аударылған фураны қалпына келтіріп, өнімді жинауға жәрдемдескен.
Жүргізушінің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ. Ол көрсеткен көмегі үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге рөлде аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз