Жетісу облысында полицейлер аударылған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті.
Оқиға Алматы – Өскемен тасжолында болды. 35 тонна күнбағыс дәнін тасып келе жатқан тіркемелі жүк көлігі жолдан шығып, аударылып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шақырту бойынша жеткен тәртіп сақшылары фураны қалпына келтіруге және өнімді жинауға жәрдемдесті.
Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Ол көрсеткен көмегі үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Полиция жүргізушілерге жолда мұқият болып, қозғалыс ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.