Мұндай жағдайлар қауіпсіздік тұрғысынан қатты алаңдатады, деді компания өкілдері.

Қазақстандағы электр самокатын жалға беретін компаниялардың бірі – Jet әлеуметтік желді тарап, көпшліктің наразылығын тудырған видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Видеода Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойынша бір топ электр самокатын тізгіндеген жанның шамамен сағатына 80 шақырымға жуық жылдамдықпен қозғалып бара жатқаны бейнеленген болатын.

"Бұл видеодағы электр самокаттары Jet компаниясына немесе өзге де кикшеринг компанияларына тиесілі емес. Мұндай компаниялардың электр самокаттарында жылдамдықты сағатына 25 шақырымнан асыруға мүмкіндік бермейтін шектеу бар. Ал азаматтар еш шектеуі жоқ жеке электр самокаттарын қолданған", –делінген компания мәлімдемесінде.

Jet басшысы Мусалав Алибековтің айтуынша, компания қауіпсіз қозғалым мәдениет қалыптастыру бағытын ұстанады. Бұл ретте, электр самокаттарының жылдамдығын сағатына 25 шақырымнан асыруға тыйым салынған, сондай-ақ Jet қосымшасы самокатшыларға қауіпсіздік ережелері мен оқу материалдарын ұсынады.


Оқи отырыңыз: Электр самокаттардың салдарынан екі адам қаза болды: 80 адам жарақат алған


2025 жылғы маусымнан бері компания айыппұл жүйесін енгізген. 2 айда 3 462 тағайындалған. Жол ережесін бұзу жөнінен бірінші орында самокатты тұраққа дұрыс қоймау тұр. Екінші орында самокатқа екі адамның қосарланып мінуі тұрса, үшінші орында – самокатты бұзу тіркелген.

"Бізді мұндай жағдайлар қатты алаңдатады, сондықтан, мейлі өзінің не жалға алған электр самокатын жүргізген жандар болсын, қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырамыз. Қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігі болуы тиіс", – деді Мусалав Алибеков.