Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Абай облысы ТЖД-ның 112 пультіне Семейдегі жаңа көпірдің пилонына ер адамның көтерілгені туралы хабар түсті.
Оқиға орнына бірден ТЖМ, полиция, жедел медициналық жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Ер адаммен байланыс орнату үшін ТЖМ психологы мен құтқарушысы пилонға көтерілді.
Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында Ертіс өзеніне құтқару қайықтарын орналастырып, жағдайды әуеден бақылау үшін дрон қолданды.
Ер адаммен келіссөздерді Оперативті-құтқару жасағының бөлімше бастығы Ринат Бабаджанов жүргізді. Құтқарушылардың кәсіби іс-әрекетінің арқасында ер адам аман-есен төмен түсірілді.