Эпидемиолог мамандар бірнеше сынама алды.

Ақтөбеде суши жеп, ауруханаға түскен адамдар қазір ем қабылдап жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары 8 қызметкерді жұмыстан шеттетті.

– Барлығы 8 адамның уланғаны туралы дерек тіркелді. Оның төртеуі ауруханада жатыр, ал төртеуі үйден ем қабылдады. Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімнен сынама, құрал-жабдықтардан жұғынды алып, талдау жүргізу үшін зертханаға жіберді. 8 адам жұмыстан шеттетілді. Тексеру жалғасып жатыр, – деп хабарлады облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.