20 тамыз күні облыстық маңызы бар «Азат – Степногорск» автожолының 33-шақырымында ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбадан екі көліктің қатты зақымданғаны байқалады. Оның біреуі кюветке түсіп кетсе, екіншісі жол жиегінде сынған күйі қалған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына «Toyota RAV4» пен «Toyota Camry» маркалы автокөліктер қатысқан.

Апат салдарынан төртеуі жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында 2013 жылы туған жасөспірім бар. Құқық қорғау органдарының дерегінше, оқиғаға кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Константин Грюканов (@blog_novichka)