Үкімет ең төменгі жалақыны (АЕК) 85 мың теңгеден көтермейтін болды.

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инфляцияның өсуіне және өндірістік шығындардың өсуіне себепші болмас үшін мұны абайлап және кезең-кезеңмен жасау керектігін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Еңбек министрі Светлана Жақыпова 2025 жылдың соңына дейін жалақы көлемін арттыру мүмкіндігі қарастырылатынын айтқан болатын. Алайда қаржы министрі Мәди Тәкиев бұл тек есеп-қисап екенін, нақты шешім қабылданбағанын түсіндірді.

"Біз есеп жүргіздік. Орташа есеппен бұл көрсеткіш 90 мың теңге болуы тиіс. Бірақ қазіргі жағдайды ескере келе, бұрынғы деңгейде қалдыруды жөн көрдік", – деді министр.

Ал Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин: "Қазірше ең төменгі жалақыны өсіру жоспарда жоқ. Қазіргі мөлшері – 85 мың теңге", – деп нақтылады.