Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 21 тамыз сағат 15:30-да шетел валютасы бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Доллардың орташа өлшенген бағамы 537,75 теңгені құрап, 0,61 теңгеге төмендеді. Кеше, 20 тамызда, сауда қорытындысы бойынша америкалық валюта 0,21 теңгеге арзандаған болатын.
Рубль бағамы 6,7 теңге болды (-0,007).
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы таңғы саудада 74,97 теңгені құрады (+0,021).
Айырбастау пункттерінде доллар 537–539 теңгеге, еуро625–629 теңгеге, рубль 6,65–6,73 теңгеге саудалануда.
Әлемдік мұнай бағасы 21 тамыздағы саудада өсті.
Лондонда ICE Futures биржасында қазан айына арналған Brent фьючерстері 0,24 долларға (0,36%) көтеріліп, баррелі 67,08 долларға жетті.
Нью-Йорк тауар биржасындағы WTI фьючерстері 0,28 долларға (0,45%) өсті де, баррелі 62,99 долларға бағаланды.