Оқиғаның видеосында Hyundai Palisade жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне өткен самокаттағы жігітті байқамай қалғаны көрінеді.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші Халифа бен Заид әл-Нахаян көшесімен келе жатып, Е308 көшесімен қиылысында оңға бұрылған кезде белгіленген жерден өтіп бара жатқан электрсамокат жүргізушісін қағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жол апаты салдарынан зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексерістен кейін оны үйіне жіберді. Қазір оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.