Бас жоспар бірнеше жобалық кезеңнен тұрады.
Үкімет 2025 жылғы 13 тамыздағы қаулысымен Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына сәйкес әзірленетін, перспективада кешенді дамудың, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көліктік инфрақұрылымы жүйесінің бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.Қазақстан Республикасының қала құрылысы саласына жататын басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспар бірнеше жобалық кезеңнен тұрады:
- бастапқы жыл – 2023 жылғы 1 қаңтар;
- бірінші кезең – 2028 жыл;
- есепті мерзім – 2040 жыл.
Бас жоспарда:
- әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiктік және инженерлiк инфрақұрылымды және байланыс желілерін орналастыруды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар ескерiле отырып, елдi мекеннiң аумағын дамытудың негiзгi бағыттары;
- осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу және пайдалануды шектеу;
- елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы;
- жердi басымдықпен иелiктен шығару және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар;
- аумақты табиғи және техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi шаралар;
- кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;
- су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шаралар;
- елдi мекендi орнықты дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шаралар айқындалады.
Бас жоспар Каспий теңізінің акваториясын қамтитын жаңа әкімшілік шекараларды ескере отырып, Ақтау қаласының шегінде 124,5 мың га аумаққа әзірленді. Қарастырылып отырған аумақ қаланың перспективалық аумақтық дамуына сәйкес қабылданды.
Қаулы 2025 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.