Абай облысында Ертіс өзенінің суға түсу үшін жабдықталмаған учаскесінде патрульдеу кезінде құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды байқап, жедел көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында адам құтқарылып, жағаға жеткізілді.

Медициналық көмекке ол мұқтаж болған жоқ.