Абай облысынан санавиация бортымен Астанаға жеткізілген екі баланың жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы елорданың денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Балалар Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылған.
«21 тамыздағы ақпарат бойынша Абай облысынан елордаға жеткізілген балалардың жағдайы әлі де ауыр. Екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр», – делінген хабарламада.
Зардап шеккен үшінші бала Үржар аудандық ауруханасында қалды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр.