1940 жылы Шотландияның Эдинбург қаласында «Хайберниан» мен «Хартс» командалары арасында шешуші матч өтуі керек еді. Алайда ойын басталған сәтте алаңды қалың тұман басып, BBC радиосының комментаторы Боб Кингсли ештеңе көре алмай қалды.

Соған қарамастан, оған матчты толықтай жүргізу тапсырылды. Өйткені эфир тоқтап қалса, оны тыңдап отырған неміс барлау­шылары күннің тұманды екенін біліп, қаланы бомбалауы мүмкін еді. Жағдайды жақсы түсінген Кингсли жанкүйерлердің айқай-шуы арқылы ғана не болып жатқанын шамалап, бүкіл ойын бойы шабуылдар мен гол санын ойдан құрастырып отырды. Тыңдармандар ештеңе сезбей, толыққан­ды матчтың куәсіндей болды. Нәтижесінде, ресми есеп бойынша ойын 6:5 есебімен «Хартстың» жеңісімен аяқталды. Бұл оқиға — радиожурналистиканың шеберлігі мен соғыс жағдайындағы тапқырлықтың жарқын мысалы ретінде есте қалды.