Петропавлда ТЖМ құтқарушылары лифтте тұрып қалған 7 адамды босатты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде Петропавл қаласының 112 кезекші қызметіне қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол бір топ адаммен бірге Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің лифтінде тұрып қалғанын айтқан.
"Жедел жеткен құтқару жасағының қызметкерлері лифтте 7 адам бар екенін анықтады. Оттегі жетіспеушілігінен іште тұрған егде жастағы әйел өзін нашар сезіне бастаған. Лифтті шұғыл түрде ашу туралы шешім қабылданды. Гидравликалық құрал көмегімен құтқарушылар есікті ашып, адамдарды босатты", — деп жазылған хабарламада.
Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!