Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адам қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқанын анықтады.

"Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды", — деп жазылған хабарламада.

Полиция мұндай әзілге жол берілмейтінін еске салып, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!