Алматыда республикалық IQ URPAQ олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды.

Мектеп бітіруші түлектер арасындағы сайыста топ жарған қатысушы қаладағы беделді университеттің бірінде бір жылға дейін тегін білім алады. Жүлдегерлерге де білім сертификаттары берілді. Одан бөлек тағы 4 жүлдегер еліміздегі ірі ІТ компанияда ақылы түрде өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды. Дарынды жастарды қолдау және оларды ІТ технологияға тартуды мақсат еткен олимпиадаға 250 адам өтініш білдірген. Солардың ішінен 100 адам іріктеліп ақтық сынға шыққан. Олар Дата аналитика және Smart технологиялар бойынша тапсырмаларды орындаған. Ұйымдастырушылардың мақсаты – цифрлық технологиядағы білікті менеджерлерді дайындау.

Еркін Мырзағалиев, IQ URPAQ олимпиадасының ұйымдастырушысы:

- Қазақстанда әлі күнге дейін білікті ІТ кадрлар тапшы. Бұл тұрғыда президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекетімізді цифрландыруға және жасанды интеллекті дамытуға ерекше мән береді. Сондықтан ғылым мен білім мемлекетіміздің дамуындағы стратегиялық басымдық болып табылады.