Еуро 626,47 — 630,28 теңге, ал рубль 6,63 — 6,74 теңге аралығында саудаланады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,21 теңгеге арзандап, 538,33 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,57 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,85 теңгеден сатып алынады, 540,72 теңгеден сатылады. Еуро 626,47 — 630,28 теңге, ал рубль 6,63 — 6,74 теңге аралығында саудаланады.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк валюталық интервенцияға қатысты мәлімдеме жасады


Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 536,57 теңгеден сатып алынады, 543,57 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 623,63 теңге, сату — 633,63 теңге, ал рубль 6,66 — 6,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.