Абай облысының Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқастарды Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына госпитализациялау туралы шешім қабылданды.

Бортта балаларды ҰШМҮО реаниматологы Е. Шақан, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологы Н. Жақыпов және Ұлттық нейрохирургия орталығының (ҰНХО) нейрохирургы С. Сейітбековтен құралған дәрігерлер тобы алып жүр.

Оқиға орнында бірден аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құрылған мультитәртіптік бригада толық диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайына бағалады және жедел емдеу жоспарын жасады.

Жағдайдың тұрақсыздығын ескере отырып, науқастардың бірі – 9 жастағы қыз бала Абай облысының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы Д. Каримовтың бақылауында жағдайы тұрақтанғанға дейін стационарда қалдырылды.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 19 тамызда шамамен 16:00-де Үржар ауданы Бестерек ауылында болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 55 жастағы Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан он метр қашықтықта тұрған алты баланы қағып кеткен. Салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі – ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Көмек көрсету үшін Астана қаласынан Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен дәрігерлер облысқа жеткізілді.

Кейіннен белгілі болғандай, қайтыс болған үш баланың жасы – 2 мен 7 жас аралығында. Тағы 6-9 жас аралығындағы үш бала жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.