Ресми деректі Ұлттық банк таратты.
2025 жылдың қаңтар-шілде айларында қазақстандық банктердің пайдасы 1,6 трлн теңгеге жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық банктердің 2025 жылғы жеті айдағы пайдасы 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1% немесе 252,5 млрд теңгеге артық.
Шілде айында қазақстандық банктердің таза пайдасы 262 млрд теңгені құрады. Бұл – жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш, әрі өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 13% (30 млрд теңгеге) жоғары болып отыр.
Айлар бойынша банктердің пайдасы төмендегідей:
- қаңтар – 228,4 млрд теңге;
- ақпан – 220,3 млрд теңге;
- наурыз – 215,1 млрд теңге;
- сәуір – 240,5 млрд теңге;
- мамыр – 238,6 млрд теңге;
- маусым – 235,7 млрд теңге.