Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкентте өткен турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
ҰОК мәліметінше отандастарымыз төрт алтын медаль жеңіп алды.
Бірінші орынды Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Артур Гафнер (найза лақтыру) иеленді. Одан бөлек жерлестеріміз әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада (Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан, Ирина Конищева) және аралас 4×400 метрлік эстафетада (Алмат Төлебаев, Аделина мен Виталий Земс және Александра Залюбовская) алтын медальға ие болды.
Күміс жүлдегер атанғандар: Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Кристина Ермола (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алмат Төлебаев (100 метрге жүгіру), Ирина Конищева (жетісайыс).
Қола медаль иегерлері: Виктория Ан (200 метрге жүгіру) және Виталий Земс (100 метрге жүгіру).