Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Азия чемпионаты: Жоламан Биғабыл Қазақстан құрамасы қоржынында алғашқы “алтынды” салды

Каратэші Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Отандасымыз кумите бағдарламасында 55 келіге дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Собитхон Қосимовты ұтты. Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы алтын”, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спортты дамыту дирекциясы (@drs_kz)

Алда әлі жекелей сында үш спортшымыз, сонымен қатар Қазақстан әйелдер командасы ақтық сында күш сынасады.

Бұған дейін Әділбек Мусин Франциядағы суға жүзуден беделді жарыста күміс медаль иеленгенін жазғанбыз.