Ол ұялы телефондарды Қызылордадағы №60-шы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға жеткізбек болған , деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотталушыға әкелінген ыстық палау мен картоп салынған ыдысты тексеру кезінде үш бірдей телефон табылған. Осылайша мекеме қызметкерлерінің қырағылығы арқасында фольга қағазына мұқият оралған сәлемдеме түрмеге жетпеді.

Қазір аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабына сәйкес іс-құжаттар рәсімделіп жатыр.