Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 тамыздағы бұйрығымен көл-тауар немесе торлы шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізбеге 20 су айдыны кіреді, оның 15-і – халықаралық маңызы бар және 5-і – республикалық.

Халықаралық маңызы бар су айдындары:

  • Арал теңізі.
  • Каспий теңізі.
  • Жайық өзені.
  • Қиғаш өзені.
  • Ертіс өзені.
  • Жайсан көлі.
  • Ертіс езеніндегі Бұқтырма су қоймасы.
  • Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы.
  • Ертіс өзеніндегі Шульбинское су қоймасы.
  • Есіл өзені.
  • Тобыл өзені.
  • Сырдария өзені.
  • Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасы.
  • Іле өзені.
  • Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы.

Республикалық маңызы бар су айдындары:

  • Нұра өзені.
  • Сілеті өзені.
  • Алакөл көлдер жүйесі.
  • Балқаш көлі.
  • Қаныш Сәтпаев атындағы канал.

Бұйрық 2025 жылдың 20 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді.