Құжаттар 31 тамызға дейін қабылданады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын туроператорларды анықтау үшін жыл сайынғы байқауды жариялады. Үміткерлер құжаттарын 31 тамызға дейін ұсына алады.
Байқау шарттары:
- "Қажылық-2026" маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
- Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
- Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
- ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты).
"Аталған құжаттар Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасы арқылы 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туроператордың ұсыныстары қаралмайды. Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне (Жәнділлә Бекжігітов 87014770717) хабарласуға болады", – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
Қажылыққа жинаған ақшасын сырқат балаларға бөліп берген қарияға ҚМДБ жолдама сыйлады
ҚМДБ заңсыз қажылық етпек болғандарға қандай айыппұлдар салынатынын жариялады