"Қазгидромет" РМК 20 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20-22 тамызда Алматы облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаев қалаларында да жоғары өрт қаупі сақталады.

20 тамызда Жетісу облысында батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында 20 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

20 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с.

20 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 тамызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

20 тамызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

20 тамызда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз